«Жақсылық жалғасады» республикалық байқауы

02.10.2026

Ақмола облысының білім беру ұйымдары «Қазақстан халқына» қорының ұйымдастыруымен өткен «Жақсылық жалғасады» («Добро продолжается») республикалық бейнероликтер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі – І орын иеленді.
Сонымен қатар, номинациялар бойынша:
- Егіндікөл ауданы, Үзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі – І орын;
- Целиноград ауданы, Мортық ауылының негізгі орта мектебі – ІІ орын.
Байқау жеңімпаздарына «Қазақстан халқына» қоры тарапынан жүлде ретінде толық жабдықталған спорт алаңы мен воркаут аймағы ұсынылады.
Бұл қайырымдылық қолдауы балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосады.

Просмотров: 123


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу