"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19 тамыз күні мектепке дейінгі ұйым басшыларының секциялық жұмысына қатысу

19.08.2026

«Құзыреттілік орталықтар – заманауи білім беру мен кәсіби дамудың негізгі тетігі»

*19 тамыз 2026 жылы* Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы КММ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті және «Балаларды ерте дамыту институты» бірлесіп ұйымдастырған Тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған секциялық жұмыс өтті.

Секцияның негізгі тақырыбы – *«Құзыреттілік орталықтар – заманауи білім беру мен кәсіби дамудың негізгі тетігі»*.

Іс-шараға Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы МКҚК *«Жұлдыз» балабақшасының әдіскері Нысанова Парида Батырхановна, МКҚК *«Әсем ай» балабақшасының әдіскері Акниязова Гүлманат Маратқызы*, сондай-ақ **ABC Kinder, Aibars, «Сұңқарым»* жеке меншік балабақшаларының құрылтайшылары Көкшетау қаласында офлайн форматта қатысты.

Целиноград ауданының қалған мектепке дейінгі ұйымдары секциялық жұмысқа *онлайн форматта* қосылды.

Секция барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи тәсілдер, педагогтердің кәсіби дамуы және құзыреттілік орталықтарының білім беру сапасын арттырудағы маңызы талқыланды.

#ТамызКонференциясы #МектепкеДейінгіБілім #ҚұзыреттілікОрталықтар #ЦелиноградАуданы #БілімБеру
Әдіскер С.Тасыбай

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст