"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының меңгерушілері мен құрылтайшыларына

11.08.2026

     Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы Полиция департаменті Целиноград ауданының ПБ ОД-ның 2026 жылғы 23 шілдедегі № 261166031000314 ұсынымын орындау мақсатында, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсету жағдайларының алдын алу, сондай-ақ білім беру және бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында *төмендегі шараларды қабылдауды ұсынады:*
1. Білім беру процесін жүзеге асыру барысында педагог қызметкерлердің педагогикалық әдеп нормаларын, лауазымдық міндеттерін және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына *жеке бақылауды күшейту*.
2. Педагог қызметкерлермен және тәрбиешілердің көмекшілерімен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша *жоспардан тыс нұсқамалар өткізу*.
3. Ұжым арасында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңнаманың, Педагогикалық әдеп кодексінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша *түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру*.
4. Білім беру процесін ұйымдастыруға, балаларды қарау мен күтіп-бағу сапасына, сондай-ақ тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымдарда болу уақытында қауіпсіздік талаптарының сақталуына *тұрақты бақылауды қамтамасыз ету*.
5. Бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, бейнежазбалардың белгіленген мерзімдерде сақталуын және оларды заңнама талаптарына сәйкес тиісінше пайдалануды қамтамасыз ету.
6. Тәрбиеленушілердің жарақат алу жағдайлары, жанжалдар, сондай-ақ балалардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты өзге де оқиғалар туралы Ақмола облысы білім басқармасының «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне *дереу хабарлау*.

⚠️ *Назар аударамыз:* мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен құрылтайшылары тәрбиеленушілердің қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің жұмысына тиісті бақылауды ұйымдастыруға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына *дербес жауапты*.

*Әдіскер:* С. Тасыбай

Просмотров: 645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст