"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК!

28.07.2026

Целиноград ауданының Қоянды мектеп-лицейінің оқушысы Абдуахит Іңкәр беделді Kazakhstan Junior Science Olympiad (KJSO) – 2026 республикалық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының финалдық кезеңіне жолдама алды!

🔬 KJSO – биология, химия және физика пәндерін қамтитын пәнаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиада. Биыл финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен небәрі 105 оқушы іріктелді. Олардың басым бөлігі – Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары.

⭐ Осындай мықты қатысушылардың қатарында жалғыз жалпы білім беретін мектептің өкілі – Қоянды мектеп-лицейінің оқушысы Абдуахит Іңкәр болуы – үлкен жетістік әрі ауданымыз үшін зор мақтаныш!

🏛️ Олимпиаданың финалдық кезеңі Алматы қаласында, ҚБТУ мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтеді.

Бұл жетістік – Іңкәрдің табанды еңбегінің, ұстаздарының кәсіби қолдауының және ата-анасының сенімі мен қолдауының жемісі.

👏 Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Абдуахит Іңкәрді, оның ата-анасын және жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтайды!
Финалда сәттілік, биік белестер мен жеңісті нәтижелер тілейміз! 🌟

Просмотров: 44


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст