"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп директорлары!

19.05.2026

2026–2027 оқу жылына арналған 2–7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының және 8–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне жұмыстарды қабылдау 19–20 мамыр аралығында жүргізіледі.

Барлық талаптар мен қажетті ақпарат жолданған хатта толық көрсетілген. Облыстық кезеңге аудандық кезеңде І орын алған жұмыстар ғана ұсынылады.

Сонымен қатар жобаларды рәсімдеу критерийлері жіберілді. Жұмыстар қатаң түрде көрсетілген талаптар бойынша қабылданады.

Оқушылардың «Зерде» және ғылыми жобалары:

* электронды және қағаз түрінде;
* жобаның пікір-сараптамасымен;
* оқушының жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесімен;
* ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілуімен бірге тапсырылуы қажет.

✅Жоба тақырыптарын қарастыру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің:
07.12.2011 жылғы №514;
06.05.2013 жылғы №175;
12.11.2014 жылғы №460 бұйрықтарын, сондай-ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар республикалық байқауының басым бағыттарын» (табиғи-ғылыми және гуманитарлық бағыттар) басшылыққа алу қажет.
👨🏻‍💻Құжаттар Наурыз көшесі, 34 мекенжайы (1-қабат) бойынша қабылданады. Жұмыстарды сағат 10:00-ге дейін алып келулеріңіз қажет.

«Зерде» бағыты бойынша:
– 19 жоба, 23 қатысушы, 16 мектептен;
Ғылыми жобалар бойынша:
– 8 жоба, 9 қатысушы, 6 мектептен қатысады.

🗣️Жұмыстарды мектеп директорының ғылыми бағыт бойынша орынбасарлары өткізеді.

📚Әдістемелік кабинет

Просмотров: 3013


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст