CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
15.05.2026
📅 Бүгін, 2026 жылғы 14 мамыр күні 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды (республикалық) кезеңі өтті. Зияткерлік сайыс дәстүрлі түрде smart.daryn.kz онлайн-платформасында ұйымдастырылды.
👩🎓👨🎓 Биыл республикалық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген 400-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар өз білімдері мен қабілеттерін 8 пән бойынша сынға салды: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы.
🎯 Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми білімге қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін қолдау. Сонымен қатар, дарынды балаларды анықтау және кәсіби бағдар беру міндеттері жүзеге асырылады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Целиноград ауданы оқушылары төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
🥇 Айболатұлы Ханкерей — Ынтымақ ауылы ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы, ІІ дәрежелі диплом иегері;
🥈 Богтоутова Ажар — Софиевка ауылы ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
👏 Жас дарын иелерін және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз!
Әдістемелік кабинет 🍀