ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
12.05.2026
2025–2026 оқу жылында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Орта Азия ойындары аясындағы «Uzbekistan FIRST Champion 2026» халықаралық робототехника сайысында Ақмола облысы Целиноград ауданының «Талапкер ауылы мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіспен елге оралды!
30 мемлекеттен қатысушылар бақ сынаған беделді халықаралық додада жерлестеріміз «ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА» номинациясының кубогымен марапатталды. 🌟
Білім мен бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асқақтатқан жас өрендерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың бұл жетістігі – Целиноград ауданы әкімі Дарын Сабырғалиұлының қолдауының, ұстаздардың қажырлы еңбегінің және ата-аналардың сенімі мен қолдауының нәтижесі.
Жетекші ұстаздар Г.С. Нашанова мен Б.Қ. Мұхиденге шығармашылық табыс, тың идеялар және кәсіби жетістіктер тілейміз. 👏
Жас таланттарымызға алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🏆✨
Білім мен инновацияның биігінен көрінген шәкірттеріміз – ауданымыздың мақтанышы!
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекші ұстаздарын зор жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жас жұлдыздарымыздың алар асуы әлі алда! 🌟
Әдістемелік кабинет.