2026 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг өткізу туралы

04.05.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 100 « Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы» бұйрығы, Ақмола облысы білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 208 бұйрығының негізінде 2026 жылғы мамыр айының 6 мен 8 күндері аралығында орта(бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі-ББЖМ) жүргізілсін (1- қосымша).

   Мектеп директорлары білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг өткізу кезеңінде мыналарды:

  1. ББЖМ өткізу кезеңінде білім алушылар үшін қауіпсіз жағдайларды тиісті ұйымдастыруды;
  2. ББЖМ рәсімдерін өткізуді ұйымдастыруды (білім алушылардың деректер қорын қалыптастыруды, аудиториялық қорын қалыптастыруды, тестілеу кезінде электрмен жабдықтаудың және телекоммуникациялық желінің және компьютерлік техниканың үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, оқушыларды аудиторияға кіргізу) қамтамасыз етсін.

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинет менгерушісі М. Байболатова ББЖМ өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. /public/files/2026/5/4/040526_111353_2026gh-bbghm-byry-193-ot-24042026gh.pdf Бақылау  әдіскер С.Тасыбайға жүктелсін. 

 

 

 

 

 

Просмотров: 3791


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу