2026 жылғы 17 сәуір күні Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудағы мектеп әкімшілігінің рөлі» тақырыбында ЕББҚ бар балаларды қолдау кабинеттері бар жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған №2 облыстық (өңірлік) семинар өтті.
17.04.2026
Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушыларға қолдау көрсетуді жетілдіру, мектеп әкімшілігі мен мамандардың өзара тиімді жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу.
Аталған семинардың модераторы – Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы.
Іс-шара барысында қатысушылар:
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады;
қолдау кабинеттерінің жұмыс жүйесімен танысты;
өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ЕББҚ бар балаларды қолдаудағы басқарушылық рөлдің маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болғанын жеткізді.
Просмотров: 1743