CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
10.04.2026
2026 жылғы 10 сәуір күні Қаражар ауылының мектеп-лицейі базасында Целиноград ауданы бойынша білім беру ұйымдарының директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Әдістемелік күн» өтті.
Аталған іс-шара аясында білім беру үдерісінің өзекті бағыттары қарастырылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде қорытынды аттестаттауға дайындық, ішкі бақылау және мониторинг, сондай-ақ келесі оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Қатысушылар 9 және 11 сыныптардың емтиханға дайындық деңгейін, емтихан кестесін бекіту, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, оқу сапасының динамикасы мен электронды журналдарды толтыру сапасын саралады.
Секциялық отырыстарда педагогтер КТЖ және ҚМЖ мақсаттарын тиімді құрастыру, дескрипторларды қолдану арқылы сапалы бағалау, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу, бастауыш сыныптағы жазба жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Адал азамат» құндылықтарын пән сабақтарына кіріктіру, оқу-тәрбие процесін мониторингтеу және мектепішілік бақылау мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар алып, тәжірибе алмасудың тиімділігін атап өтті. Әдістемелік кабинет