"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауының республикалық кезеңі

31.03.2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы
30 наурызда Астана қаласында «OI SANDYQ» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
«OI SANDYQ» байқауы тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны жағынан PISA халықаралық зерттеуінің отандық баламасы ретінде арнайы әзірленген. Байқау республикалық деңгейде биыл екінші рет өткізіліп отыр.
Байқау барысында қатысушылар математика және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша кіріктірілген тапсырмаларды орындады.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында байқау «Zerdeli App» платформасында онлайн форматта, тікелей эфир режимінде өтті.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең - жұптық, екінші – кезең топтық.
Байқаудың республикалық кезеңіне әр өңірден 10 адамнан (5 қазақ тілі мен әдебиеті пәні және 5 математика пәні мұғалімдері) тұратын команда қатысты.
Білім бәсекесі өте тартысты өтті.Ақыл-ой додасына жұптық сайыстан барлығы 200 ұстаз бақ сынады. Яғни 20 облыстан 100 жұп қатысты. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша:
1)Мадинаш Айсулу
Целиноград ауданы Қызылжар ауылының ЖОББМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын;
2) Батай Айтжан- Целиноград ауданы Қоянды мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі жүлделі ІІ орын.
Аталмыш байқау педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 49


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст