CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
27.03.2026
Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелермен тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіру болды.
Әдістемелік күн аясында мұғалімдер үшін бірқатар өзекті тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, КТЖ және ҚМЖ мақсаттарын тиімді құрастыру, критериалды бағалау жүйесіндегі дескрипторларды қолдану, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың жазбаша дағдыларын дамыту және тиімді кері байланыс беру тәсілдері бойынша тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды.
Іс-шара барысында «Адал азамат» құндылықтарын пән сабақтарына интеграциялау жолдары талданып, құндылықтарға негізделген білім берудің маңыздылығы атап өтілді. Педагогтерге оқу-тәрбие процесін мониторингтеу, әкімшілік бақылау жүргізу әдістері және мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Қатысушылар тәжірибелік мысалдар арқылы сабақ мақсаттарын дұрыс қою, бағалау критерийлерін әзірлеу және оқыту сапасын арттыру жолдарын талқылады. Мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, тиімді әдіс-тәсілдер кеңінен насихатталды.
Әдістемелік күн қорытындысында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелерін алдағы уақытта оқу үдерісінде тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Әдістемелік кабинет