"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Целиноград ауданының оқушылары республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады

12.03.2026

2025–2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Целиноград ауданының бірқатар білім алушылары жолдама алды. Атап айтқанда, Қоянды ауылының №1 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Габбасова Жадыра «Құқық негіздері» пәні бойынша Шымкент қаласында өтетін қорытынды кезеңге қатысады. Сонымен қатар, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Марат Кәусар «Ағылшын тілі» пәні бойынша 2026 жылғы 17 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

5–6 сыныптар бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Ынтымақ ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушысы Айболатұлы Хан-Керей («Қазақ тілі мен әдебиеті») және Софиевка ауылының ЖОББМ 6-сынып оқушысы Богтоутова Ажар («Орыс тілі мен әдебиеті») қатысады. Сондай-ақ, 7–8 сынып оқушылары арасында облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған Ақмол ауылының ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ержан Іңкәр «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық деңгейде аудан намысын қорғады.

Әдістемелік кабинет

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст