"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кенгуру математика барлығы үшін халықаралық ойын-конкурсы

12.03.2026

Мектеп оқушыларының математиканы оқуға деген қызығушылығын дамыту және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2026 жылғы 27-31 наурыз аралығында халықаралық «Кенгуру» ойын-конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс).

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мектептерінің
1-11 сынып оқушылары қатыса алады. 1-4 сыныптарға арналған тапсырмалардағы сұрақтар саны 24, ал 5-11 сыныптарға арналған тапсырмалар саны 30 сұрақ.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушыларға келесі 3 қадамды орындау қажет:

Аккаунттың болуы.
2026 жылғы 11 наурыз сағат 09:00-ден 26 наурыз сағат 20:00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін тексеру қажет және аккаунт деректері, яғни, қатысушының аты-жөнін, сыныбын және мектебін дұрыс толтырылғанына көз жеткізу керек (деректерді өзгерту тек тіркелу уақытында қолжетімді). Егер аккаунт тіркелмеген болса, сол мерзім аралығында сайтқа тіркелу қажет.

«Қатысуды растау».
2026 жылғы 11 наурыз сағат 09:00-ден 26 наурыз сағат 20:00-ге дейін жеке кабинетке кіріп, «Қатысуды растау» батырмасын басып, ашылған терезедегі нұсқауларды орындаңыз.

Берілген мерзімде қатысуды растамаған оқушы Конкурсқа қатыса алмайды!

Тестті орындау.
2026 жылғы 27-31 наурыз аралығында жеке кабинетке кіріп «Бастау» батырмасын басыңыз – экранда деректерді тексеру беті ашылады. Сыныптың дұрыстығын тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Бастау» батырмасын басыңыз. Сынып қате болса, түзетіп, тестті бастаңыз. Тестті орындап болған соң «Отправить» батырмасын басыңыз. Маңызды! «Отправить» батырмасын басқаннан кейін тек өзіңіз белгілеген жауаптарды ғана көре аласыз. Олар дұрыс жауаптар емес!

Конкурстың басталуы ағымдағы жылдың 27 наурызында сағат 09:00-де, ал аяқталуы 31 наурыз күні сағат 20:00-де. Қатысушылар Конкурс тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын
2026 жылдың 07 сәуірінде https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады.

Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарын» РҒПО-ның  I, II, III дәрежелі дипломдары және сертификаттарымен марапатталады. Қатысушыны дайындаған мұғалімнің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) Конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі. Әдістемелік кабинет

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст