"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруымен 2026 жылғы 19 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

05.03.2026

Аталған білім додасының мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада қорытындысы бойынша Целиноград ауданы білім беру ұйымдарының оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

🏆 5-сынып оқушыларының жетістіктері:

Қоянды ауылы, мектеп-лицей Толқын Нұрасыл – 🥉 ІІІ орын, Қазақстан тарихы

Родина ауылы, жалпы орта білім беретін мектеп

Иванова Милана – 🥉 ІІІ орын, Орыс тілі мен әдебиеті

Ақмол ауылы, мектеп-гимназия Қанат Нұрали – 🥉 ІІІ орын, Жаратылыстану

Қараөткел ауылы, мектеп-гимназия Біләл Абай – 🥈 ІІ орын, Ағылшын тілі

Ынтымақ ауылы, жалпы орта білім беретін мектеп Айболатұлы Хан-Керей – 🥇 І орын, Қазақ тілі мен әдебиеті

Қараөткел ауылы, мектеп-гимназия Сейфулла Айша – 🥈 ІІ орын, Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

 

🏆 6-сынып оқушыларының жетістіктері:

 

Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектеп Жұрағатқызы Іңкәр – 🥉 ІІІ орын, Жаратылыстану

Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектеп Жакен Нұрзат – 🥉 ІІІ орын, Қазақстан тарихы

Софиевка ауылы, жалпы орта білім беретін мектеп Богтоутова Ажар – 🥇 І орын, Орыс тілі мен әдебиеті

Қаражар ауылы, мектеп-лицей Тұяқ Айлина – 🥈ІІ орын Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша қатысушы

Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектеп Ерғалам Аруна –🥉 ІІІ орын Ағылшын тілі пәні бойынша қатысушы

Қараөткел ауылы, мектеп-гимназия Қорабай Алтынай – 🥈 ІІ орын, Қазақ тілі мен әдебиеті

Қорытынды

Целиноград ауданы оқушыларының облыстық кезеңдегі жетістіктері – сапалы білім беру жүйесінің, педагогтердің кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының айқын көрінісі.

Аудандық білім бөлімі атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Жас дарындарға алдағы республикалық кезеңдерде жоғары нәтижелер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

🎓✨Әдістемелік кабинет

 

Просмотров: 1254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст