"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпараттық -талдау анықтамасы Testter.kz білім беру платформасы

03.03.2026
2026 жылғы 02 ақпан мен 03 наурыз аралығында Целиноград ауданы бойынша білім беру ұйымдарының мектептері арасында Testter.kz білім беру платформасын қолдану көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.
Аталған кезеңде аудан мектептері білім алушылардың білім сапасын арттыру, тестілеу арқылы кері байланыс алу және білім олқылықтарын анықтау мақсатында платформамен жүйелі жұмыс жүргізді.
Талдау барысында төмендегідей бағыттар қарастырылды:
• Платформаға тіркелген білім алушылар саны;
• Белсенді қолданушылар үлесі;
• Өткізілген тест саны;
• Орташа балл көрсеткіші;
• Пәндер бойынша нәтижелер динамикасы;
• Әлсіз және күшті тақырыптар талдауы.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде:
• Мектептердің басым бөлігі платформаны тұрақты қолданатыны анықталды;
• Функционалдық сауаттылық, математикалық және жаратылыстану бағыттары бойынша тестілеу жиі өткізілген;
• Кейбір білім беру ұйымдарында белсенділік төмен деңгейде екені байқалды;
• Нәтижелер бойынша әлсіз тақырыптармен қосымша жұмыс жүргізу қажеттілігі анықталды.
Testter.kz платформасын пайдалану білім сапасын арттыруға, білім алушылардың дайындық деңгейін анықтауға және білім олқылықтарын уақытылы түзетуге мүмкіндік береді.
Мектеп әкімшіліктеріне:
• Платформамен жұмысты тұрақты бақылауда ұстау;
• Талдау нәтижелері бойынша пән мұғалімдерімен жүйелі жұмыс жүргізу;
• Төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптармен қосымша дайындық ұйымдастыру ұсынылады.
 
🖊️ С. Тасыбай
☎️ 8 (71651) 30-393
Просмотров: 728


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст