25.02.2026
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны (ҚР «Білім туралы» Заңы, 1-бап, 56-тармақ).
🗓 Тіркелу және өткізу мерзімдері
- Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау: 15–25 ақпан
- Тестілеу өткізу мерзімі: 1 наурыз – 6 сәуір
- ҰБТ ҰБТ өткізу пункттерінің базасында жүзеге асырылады.
Түсушілер тестілеуге Ұлттық тестілеу орталығы сайты арқылы онлайн тіркеле алады.
Тестілеу пунктін, күнін және уақытын түсуші өз бетінше таңдайды.
🖥 Өткізу форматы
- ҰБТ электрондық форматта «1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера» қағидаты бойынша өткізіледі;
- Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады;
- Нәтиже тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі;
- Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында қабылданады;
- Тестілеу мазмұны бойынша апелляцияға өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі;
- Апелляциядан бас тартқан жағдайда түсуші РАК отырысы басталғанға дейін жеке кабинетінде өтінішін кері қайтара алады.
🏅 Ерекше санаттағы талапкерлер
- «Алтын белгі» иегерлері;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады;
- Балл саны бірдей болған жағдайда білім беру грантын алу басымдығы «Алтын белгі» иегеріне беріледі.
(Мысалы: екі талапкер 122 балл жинаса, грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Егер басқа талапкердің балы жоғары болса, басымдық берілмейді.)
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
📚 ҰБТ-ға дайындық
ҰБТ-ға дайындық материалдары Ұлттық тестілеу орталығы ресми сайтында ұсынылған:
https://testcenter.kz
Ұсынылатын материалдар:
- Тест спецификациялары
- ҰБТ-ға дайындалуға арналған оқулықтар тізбесі
- Дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы бойынша тарихи күндер тізімі
- «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша әдебиеттер тізімі
Байқау тестілеу:
- Онлайн тегін: https://prob-ent.testcenter.kz
- Онлайн ақылы: https://app.testcenter.kz/profile/prob-test
- Аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) офлайн тестілеу (сайт арқылы тіркелу).
🚫 Тестілеу кезінде тыйым салынады:
- Әкімшінің рұқсатынсыз аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;
- Сөйлесуге, орын ауыстыруға;
- Құжаттармен, тыйым салынған заттармен алмасуға;
- Тест материалдарын аудиториядан алып шығуға немесе бүлдіруге;
- Шу жасауға;
- Тапсырмалар мазмұнын жариялауға;
- Тестілеу техникасына немесе қауіпсіздік жүйесіне зиян келтіруге;
- Тестілеу жүйесіне араласуға.
Аудиториядан шыққан жағдайда қайта кірген кезде металл іздегіш арқылы тексеріледі.
❗ Алып кіруге қатаң тыйым салынады:
- Шпаргалкалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- Барлық түрдегі және нысандағы қағаздар;
- Калькуляторлар (компьютер интерфейсіндегі калькуляторды пайдалануға рұқсат етіледі);
- Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі (компьютерде берілген нұсқасы қолданылады);
- Фотоаппараттар;
- Ұялы телефондар, планшеттер, рациялар, пейджерлер;
- Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- Смарт сағаттар, фитнес-білезіктер, смарт көзілдіріктер;
- Сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар;
- Сымсыз бейнекамералар;
- GPS навигаторлар, GPS трекерлер;
- Қашықтан басқару құрылғылары;
- Радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi, Bluetooth, DECT, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, GPS, GSM).
📌 Ескерту:
Тестілеу талаптарын бұзған жағдайда нәтижелер жойылады және тиісті шаралар қолданылады.
ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ