CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
24.02.2026
🔉 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026–2027 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуға арналған конкурстық іріктеуді өткізеді.
📋 Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
🛜 Конкурстық іріктеу 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға жүргізіледі. Онлайн тіркеу және құжат қабылдау 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүзеге асырылады.
💡 Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде келесі квоталар қарастырылған:
⏩ 7-сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 10%-ы – ауыл мектептерінің «Mың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін;
⏩ 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 15%-ы – әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін;
⏩ 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 5%-ы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оқушылары үшін.
📚 Конкурс 15 мамыр мен 15 маусым аралығында, апта сайын сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Конкурсты өткізуге арналған тест материалдары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері тарапынан конкурс басталардан бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған күйде) жеткізіледі.
📝 Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары алдыңғы жылдардың оқу бағдарламалары негізінде, логикалық сипаттағы тапсырмаларды қамти отырып құрастырылған. Тестілеу уақыты:
– 5-сынып – 60 минут;
– 6-сынып – 90 минут;
– 7-сынып – 120 минут.
✒️ Конкурс Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
📌 Қосымша ақпаратты https://qabyldau.daryn.kz сайтынан алуға болады.