Ілияс Жансүгіров оқуларының аудандық кезеңі

20.02.2026

2026 жылдың 20 ақпан күні «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті  Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебімен бірлесіп 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының аудандық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты:

Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, таланты мен дарындыларын анықтау;

Байқау 5 номинация бойынша өтті.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болғандар:

«Ілияс-эпик ақын» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Байрақ Гүлжамал «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ 11 сынып оқушысы;

«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Эргашев Мұхаммед «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы;

«Ілияс-қарасөз шебері» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Лаукелқызы Нұрайым «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Софиевка ауылы ЖОББМ" КММ 11 сынып оқушысы.

«Сұлу сөздің сүлейі» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Мұханбетқали Батима «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылы  ЖОББМ" КММ 11 сынып оқушысы.

«Заманның заңғар тұлғасы» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Сауытжан Саян «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының ЖОББ мектебі" КММ 8 сынып оқушысы.

Қатысушылар  II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Просмотров: 1080

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу