Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола дарыны дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 19 ақпанда 5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізеді.

18.02.2026

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
– оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту;
– білім алушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау;
– дарынды балалармен жұмысты іске асыру аясында ерте бейіндендіруді ұйымдастыру;
– республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары уәжді білім алушыларды анықтау.

Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беру бағдарламалары негізінде өткізіледі:

  1. Математика;

  2. Жаратылыстану;

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті;

  4. Орыс тілі мен әдебиеті;

  5. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;

  6. Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;

  7. Ағылшын тілі;

  8. Қазақстан тарихы.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті

Просмотров: 823


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу