CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
18.02.2026
📌 2026 жылғы 18 ақпанда Қарағанды қаласындағы №19 мектеп базасында қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын қазылар алқасына таныстырып, қорытындыларын ұсынуда.
👥 Финалист Бағланқызы Сұңқар Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы өз жобасың негізгі нәтижелерін таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Бағалау барысында ғылыми деңгейі, дереккөздерді пайдалану сапасы, практикалық маңызы және автордың тақырыпты меңгеру тереңдігі ескеріледі.
🌟 Конкурс жас зерттеушілердің сыни ойлауын дамытуға, өз пікірін дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға қызығушылығын арттыруға бағытталған.
🖇️ Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Әдіскер С.Тасыбай