CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
11.02.2026
«Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі Ақмола дарыны дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2026 жылғы 10 ақпандағы №69, хатына сәйкес 2026 жылғы 19 ақпан жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне (бұдан әрі-Олимпиада) қатысушылар санының ауқымдылығын, ауа-райының қолайсыздығын, ауа-райының қолайсыздығын, облыс орталығынан алшақтығын ескере отырып, Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі аудан орталығында өтетінін хабарлайды.
Олимпиданың басталу уақыты: сағат 10:00-де Математика, Жаратылыстану, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті пәндері;
Қазақстан тарихы, Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Ағылшын тілі пәндері.
Жол бойында және Олимпиаданы өткізу кезінде қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты жетекшілерді бұйрықпен тағайындап, жедел медициналық жәрдем, жол патрульдік полициясы қызметінің кезекшілігінің ілесіп жүруін ұйымдастыру қажет.
Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің өтетін орны жайлы мәлімет қосымша хабарланатын болады.
орын: С.Тасыбай