Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш
10.02.2026
2026 жылғы 9 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің қатысуымен, көрнекті ақын, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын мазмұндық әрі көркемдік тұрғыдан жаңа сапалық деңгейге көтерген Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали жырлары мәңгілік» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар ақынның шығармаларын оқып, ән-жыр арқылы көрермендерді Мұқағали поэзиясының терең де тағылымды әлемімен қауыштырды. Әдеби-сазды кеш өскелең ұрпақтың рухани-эстетикалық талғамын арттыруға, поэзияға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды.
Просмотров: 701