Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали жырлары мәңгілік» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы

10.02.2026

2026 жылғы 9 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің қатысумен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали жырлары мәңгілік» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.Сайыс барысында оқушылар ақынның өлеңдерін әсерлі әрі шебер орындап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.Сайыстың негізгі мақсаты – тәрбиелік мәні зор ақын жырлары арқылы өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіру, поэзия әлеміне қызығушылығын арттыру және көркем сөзді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Просмотров: 718


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу