2026 жылдың 30 қаңтарында Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасанды интеллект – жаратылыстану-математикалық пәндерде сапалы білім берудің жаңа мүмкіндігі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

30.01.2026

Семинардың мақсаты – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану арқылы білім сапасын көтерудің заманауи жолдарын көрсету және озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Семинар аясында аудан көлеміндегі озық тәжірибелі 20 педагог ашық сабақтар, шебер-сыныптар және TEDx форматындағы баяндамалар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға Целиноград ауданына қарасты 46 мектептен 80-ге жуық педагог қатысып, әдістемелік тәжірибе жинақтап, өзара пікір алмасты.

Семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен жаратылыстану-математика бағыты жетекшілеріне алғыс хаттар табысталып, тәжірибе таратқан педагогтер сертификаттармен марапатталды.      Әдістемелік кабинет

Просмотров: 890


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу