
CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
15.12.2025
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 2025 жылғы 05 қарашадағы № 476 хатының негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі 2025 жылғы 17-18 желтоқсан күндері (17 желтоқсан 9-11 сыныптарға сағат 10:00-де жаратылыстану-математикалық бағыттары пәндер, 18 желтоқсан 9-11 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер) Қаражар а. мектеп-лицейі базасында өтетінін хабарлайды.
Қатысушы саны – 794.
Олимпиада тірек мектебінде өткізілетіндіктен жол бойында және оны өткізу кезінде қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты жетекшілерді бұйрықпен тағайындап, жедел медициналық жәрдем, жол патруль полициясы қызметі кезекшілігінің ілесіп жүруін ұйымдастыру қажет.
Олимпиаданың екінші кезенінің ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процесін онлайн режимінде қарау үшін бейне бақылау жүйесімен (бір аудиторияда кемінде жалпы көріністі алатын екә камера) қамтамасыз етіледі.
Аппеляция ЖМБ 18 желтоқсан, ҚГБ 19 желтоқсан өткізу жоспарлануда.
Оқушы олимпиадаға тек бір пән бойынша қатыса алады.
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатысады (әкесінің ұлты қазақ болмауы тиіс), ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендіріледі.
Осыған орай, Олимпиадаға жауапты маман 2025-2026 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне қатысушылар тізім-өтінімін, мектепшілік І кезеңінің есебі, анализ, хаттамасын 12 желтоқсан сағат 12:00-ге дейін zelinograd@mail.ru эл. мекенжайына жіберулерінізді сұрайды.
306 Әдістемелік кабинет