 
                                
            
CALL-ЦЕНТР   
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
 Ұйымдар тізімі
                                
            Ұйымдар тізімі
            
                            
                             
             31.10.2025
                31.10.2025
        Олимпиаданың негізгі мақсаты – еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептері оқушыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ ауыл мектептері оқушыларының ынтасын арттыру.
Міндеттері: - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіптік бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамытуға көмектесу, сондай-ақ оларды болашақ академиялық және кәсіби сын-қатерлерге дайындау.
Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін оқу жылы
бойы үш кезеңде қамқоршылардың қаражатына өткізіледі:
1) 1-кезең – аудандық. Өткізу мерзімі – қазан-қараша;
2) 2-кезең – облыстық. Өткізу мерзімі – наурыз;
3) 3 кезең – республикалық (Финал). Өткізу мерзімі – маусым.
2.7. Олимпиадаға қатысу тегін.
ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Олимпиадаға www.iqanat.kz сайтында Ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімге дейін тіркелген және соңғы 2 жылдан кем емес ауылдық жерде тұрақты тұратын ауыл мектебінің 8 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Сонымен бірге, қашықтығы Республикалық маңызы бар қалалардан 30 км-ден кем және облыс орталықтарынан 15 км-ден кем ауылдарда тұратын оқушылар олимпиадаға қатыса алмайды. Олимпиада Қордың жыл сайынғы академиялық күнтізбесіне сәйкес үш кезеңде өткізіледі. Әр кезеңдегі жеңімпаздардың саны Ұйымдастыру комитеті белгілеген квотамен анықталады. Тестілеу оқушының оқу тілінде өткізіледі. Нәтижелерді өңдеу оқушылардың жауаптарын онлайн платформада автоматтандырылған талдау арқылы жүзеге асырылады.
Олимпиада нәтижелерінің апелляциясы қарастырылмаған.
Олимпиаданың әр кезеңі оның орындалу уақытын ескере отырып, білім мен дағдыларды, шығармашылық қабілеттерді көрсетуге бағытталған кешенді тапсырманы орындауды көздейтін қабілеттерді диагностикалау бойынша тестілеу болып табылады. Тест сұрақтарының үлгілері www.iqanat.kz сайтында жарияланады.
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен олимпиаданы өткізу құралдарының бірі қолданылуы мүмкін: - Paper-based (қағаз түрінде, оффлайн форматта); - Online (онлайн форматта).
Олимпиаданы өткізу барысында қатысушының әрекетіне байланысты емес техникалық ақаулар болған жағдайда, оған тапсырмаларды орындауға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт мөлшері ұйымдастырушының туындаған ақауларды жоюға жұмсаған уақытына сәйкес келеді.
Олимпиаданың барлық кезеңдерінің нәтижелері бойынша іріктелген қатысушылардың тізімін олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті бекітеді. Тізім www.iqanat.kz сайтында жарияланады. Іріктелген қатысушылар жеке кабинетте сәтті өткендігі туралы хабарлама алып, бекітілген тізімге сәйкес Олимпиаданың келесі кезеңіне жіберіледі. Олимпиаданың келесі кезеңінің өтетін күні мен орны туралы ақпарат www.iqanat.kz сайтында жарияланады.
Олимпиаданың екінші кезеңі
Жеңімпаздар www.iqanat.kz сайтындағы жеке кабинетте Олимпиаданың екінші кезеңіне өту туралы хабарлама алады.
Екінші кезең аудан орталықтарында өткізіледі және бетпе-бет қатысуды талап етеді.
Олимпиаданың екінші кезеңіндегі тестілеу нәтижелері бойынша өз аудандарында ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар олимпиаданың соңғы кезеңіне шақыру алады.
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ФОРМАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Олимпиаданың әдістемелік негізін әзірлеуге IQanat қорының әдістемелік кабинеті жауапты. Әдістемелік кабинет олимпиадалық тапсырмаларды әзірлеуге тәжірибелі педагогтар мен сарапшыларды тартады.
Пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмалар ҚР МЖМБС оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді. Олимпиадалық тапсырмаларды дайындау және әзірлеу кезінде алдыңғы Олимпиаданы өткізу тәжірибесі ескеріледі. Олимпиаданың әрбір жаңа кезеңі үшін түпнұсқалық, мазмұны жағынан бірегей тапсырмалар әзірленеді.
Тест тапсырмаларының үш қиындық деңгейі бар:
А – базалық деңгей (білім және түсінік);
В – жоғары деңгей (қолдану және талдау);
С – ілгері деңгей (синтез және бағалау).
Сауаттылық деңгейі мен ойлау дағдыларының қалыптасуын диагностикалау мақсатында олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңдерде үш жалпы бағыттағы міндетті тапсырмаларды орындайды: математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, оқу
сауаттылығы.
Олимпиаданың бірінші кезеңі ең жақсы дайындалған оқушыларды
іріктеу мақсатында өткізіледі. 40 сұрақтан тұратын кешенді тестілеуден
тұрады: - математикалық сауаттылық 10 сұрақ; - логикалық ойлау 10 сұрақ; - оқу сауаттылығы 10 сұрақ; - қазақ тілі 10 сұрақ.
Жалпы ұпай саны - 80
Бірінші кезеңге Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінің барлық 8 сынып оқушылары оффлайн форматта (жекеленген жағдайларда – онлайн формат) қатыса алады.
Олимпиаданың екінші кезеңі пәндік болып табылады. Үш міндетті бағыттан басқа, оқушылар ағылшын тілінен, сондай-ақ таңдау пәндерінің бірінен тест тапсырады:
Математика, Физика, Химия, Биология, География, Қазақстан тарихы.
Екінші кезеңде таңдалған пән үшінші кезең барысында өзгертілмейді.
Барлығы екінші кезеңнің тапсырмалары 5 пән бойынша 50 сұрақтан
тұрады (әр бағыт бойынша 10 сұрақ).
Жалпы ұпай саны – 100
306 Әдістемелік кабинет