«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі

21.10.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңін 2025 жылғы 20 қазан күні қашықтықтан (онлайн форматта) өткізді. 
Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу. 
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді: 
- Шешендік, білгірлік сайысы;
- Көркемсөз оқу;
- Эссе жазу;
- Ұлттық аспапта өнер көрсету;
- Ақындар айтысы;
- Ақындар мүшәйрасы.
Байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен келесі жүлдегерлер марапатталды:
«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша - Тажбердиева Айгерім – Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы; 
Байқаудың қорытындысы бойынша ІII-дәрежелі дипломмен марапатталды: 
 «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша - Бейбітхан Гүлжанар– Целиноград ауданы Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Байқаудың қорытындысы бойынша ІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
 «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Мон Анель – Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 1177


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу