CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар
мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық
орталығының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №1225/15-11-04 хатының негізінде,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қаржылық мониторинг
агенттігімен бірлесіп, алғаш рет 9-11(12)-сынып оқушыларына арналған
Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық
олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) өтетінін хабарлайды.
Олимпиада 4 (төрт) кезеңнен тұрады.
Бірінші (мектепішілік) кезең – 2025 жылғы 17 қазанда орта білім беру
ұйымдарында аудандық білім бөлімдерінің жетекшілігімен офлайн форматта
өтеді. Бұл кезеңге қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар қатыса алады.
Екінші (аудандық/қалалық) кезең - 2025 жылғы 14 қарашада өтеді.
Үшінші (облыстық) кезең - 2025 жылғы 15 желтоқсанда өтеді. Екінші
және үшінші кезеңдер Safe Exam Browser платформасы арқылы онлайн
форматта ұйымдастырылады.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ереже, сондай-ақ
платформаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық қосымша жолданатын болады. Әдістемелік кабинет