
CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
11.09.2025
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Aqmola daryny ortalygy мен бірге
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І(бастапқы) кезеңі 2025 жылғы 9 қыркүйекте басталды. Ол
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы. Қатысу үшін олимпиадаға қатысушылар а.ж. 9-15 қыркүйек аралығында тіркелуі қажет.
Олимпиадаға ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы. Бірінші кезең онлайн-платформада өтеді: 1 парта – 1 қатысушы – 1 компьютер.
Олимпиада
13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: математика, физика, химия, биология, информатика және география. Қоғамдық-гуманитарлықбағыт бойынша: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі. Олимпиада төрт
кезеңде өткізіледі: бірінші кезең
(бастапқы)–қыркүйек айы;
екінші (аудандық)
– қазан айы;
үшінші (облыстық)
– қараша айы;
төртінші (республ
икалық)– ағымдағы жылдың желтоқсан айы.
Әдістемелік кабинет