"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы

26.06.2025

2025 жылғы 18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде.
Зияткерлік сайысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай елдерінен 130-дан астам оқушы мен 50-ге жуық жетекші қатысты.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс, қола медальдарымен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.
Ақмола облысынан «Абай оқулары» облыстық кезеңіне «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша Алтын Әділет - Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Алтын Әділет марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст