CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинет:
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі өткізді.
Олимпиаданың мақсатты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиада 6 пән жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі: математика, физика, химия, биология, география, информатика.
Олимпиада 6 пән қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Целиноград ауданынан қатысушы саны: 20
Нәжижелерін асыға күтудеміз.
Сәттілік тілейміз!!!
Әдіскер С.Тасыбай