"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Қазақ халқының материалдық мәдениеті: Жәдігерлердің тарихы мен маңызы атты аудандық конференция

16.04.2025

“Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 11 сәуір 2025  ж “Қазақ халқының материалдық мәдениеті: Жәдігерлердің тарихы мен маңызы атты аудандық конференция  Қараөткел ауылының IT мектеп- лицейінде өтті.

Конференцияның басты мақсаты: Қазақ халқының материалдық мәдени жәдігерлерін сақтап, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылық ретінде дәріптей отырып,  жаңғырту басты назарға алынды.

Конференцияның ашылу салтанатын құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігі “Бозоқ” мемлекеттік тарихи - мәдени музей- қорығының бас инспекторы Қазанбаев Ж.А., “Бозоқ” мемлекеттік тарихи - мәдени музей- қорығы- кіші ғылыми қызметкері Бахытжанова Қ.Б., Целиноград аудандық білім бөлімі әдіскері Қорғанбек Е.С., Целиноград ауданы көлемінде тарих пәні мұғалімдер әдістемелік жетекшісі Нұрахмет А.К. ашты.

Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігі “Бозоқ” мемлекеттік тарихи - мәдени музей- қорығының бас инспекторы Қазанбаев Ж.А. аудан ұстаздарына “Бозоқ” музей қорығы жайлы ақпараттармен бөлісті: “ Қалашыққа алғаш рет 1999 жылы зерттеу жүргізген танымал археолог Кемел Ақышев: «Бұл қоныс VII-IX ғасырлардан XVI-XVII ғасырларға дейінгі аралықта, ежелгі түркілердің киелі орны, одан кейін керуен саудасын бақылайтын қыпшақтар қонысы болды» деген пайым жасаса, ескерткішке жүргізілген археологиялық зерттеулер қала құрылысының тарихи хронологиясын анықтады. Ондағы қортынды бойынша: «VI ғасырда ежелгі түркілер қуатты әскери мемлекет құрып, Өтукен даласынан батысқа қарай Дунайға көшкен кезде (VII ғасыр) бұл орынға қалашық тұрғызған» деген болжам айтылуда. Яғни, бұл қалашық керуен жолдары түйілісінде маңызды рөл атқарып, егіншілік, балық аулау және керуен саудасын басқарумен айналысатын маңызды орын ретінде өмір сүрген. Бұған қазба кезінде табылған: стационарлық, өндірістік және ирригациялық құрылыстар қалдығы, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, монеталар және т.б. артефактылер дәлел.”

 Бозоқ” мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығы - кіші ғылыми қызметкері Бахытжанова Қ.Б. конфероенцияның ұйымдастырылуына разылығын білдіріп, аудан ұстаздарына марапаттар тапсырды.

Бүгінгі конференциямыз екі секциядан тұрді, әр секцияда 11 спикер өз жұмыстарымен бөлісті: “Диірмен”, “Қазақтың көне жәдігері - қамшы хақынды”, “Күбі”, “Ұршық”, “Тұмар құпиялары”, “Тоғызқұмалақ - Ұлы Дала өркениетінің мұрасы”, “Садақ қаруы”, “ Домбыра”, “Ши тоқу”, “Бас киім”, “Төрге өрле, төл тақия”, “Бесік”, “Жүзік түрлері”, “Ковероделие казахского народа”, “Саукеле-жемчужина казахского наследия”, “Үкі қауырсыны”, “Қазақ қамшысының қасиеті”, “Түскиіз”, “Шолпы мен шашбау сыры”, “Киіз басу-қазақи мұра”.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті- ұлт тарихының, дүниетанымының және өмір салтының көрінісі. Жәдігерлер- тек көне заттар емес, олар - халық жадын сақтаушы мұралар. Оларды зерттеу, сақтау және насихаттау - бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Осы конференцияның нәтижесінде ұсынылған баяндамаларда әртүрлі дәуірлерге жататын жәдігерлердің тарихи мәні мен олардың ұлттық мәдениеттеріміздегі рөлі жан - жақты талданды.

Пікір білдірушілер:Талапкер ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сейткарімова А.Т, Талапкер  мектеп гимназиясының  тарих пәнінің мұғалімі  Байман А.А,  Талапкер  мектеп гимназиясының  тарих пәнінің мұғалімі Ахбаева Д.Ж, Нұресіл ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

 Бірлік ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Кожаханова А.А: Бүгінгі өткен конференциямыз: “Қазақ халқының материалдық мәдениеті: жәдігерлердің тарихы мен маңызы” атты конференцияға қатысқаныма қуаныштымын. Керемет өтті. Секциялық жұмыс- тарихымен бөліскен әріптестерімізге рақмет.

Просмотров: 160


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст