CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы байқау
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың бекітілген қағидалары негізінде, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы негізінде конкурс жариялайды.
1. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдарға конкурс жариялайды.
Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды.
1) 3 күн ішінде – Қағидалардың 14-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау;
2) 5 күн ішінде – конкурс комиссиясы Қағидалардың 14-15-тармағына сәйкес құжаттарды қарайды;
3) 5 күн ішінде – көзбен шолып тексеру мақсатында комиссия ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау үшін аталмыш ұйымға барады;
4) 3 күн ішінде – комиссия аталмыш ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасайды және ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Құжаттар ағымдағы жылдың 10 сәуір сағат 18.30-ға дейін қабылданады.
Мекен-жайы: Наурыз көшесі 34, Целиноград ауданының білім бөлімі 306 кабинет.
Ескерту.
1. Ұсынылған құжаттар ретімен тігілуі керек. (нөмірленген және тігілген)
2. Құжаттардың көшірмелері (дипломдар, сертификаттар, медициналық ұйыммен шарт заңды тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс) (көшірмесі дұрыс)
3. Жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы жалдау шарты нотариалды Куәландырылады. (заңды тұлғалар арасында шарт жасасу кезінде, нотариалды куәландырудың қажеті жоқ.)
4. Егер жалға берілетін ғимарат кепілде болса, анықтама немесе банктің келі