"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 9, 11-сыныптарға Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық бойынша 2021 аудандық онлайн вебинар өтті

14.04.2021

Тайтөбе ауылының жалпы білім беретін мектебі КММ Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 9, 11-сыныптарға Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық бойынша 2021 жылғы 5-9 сәуір аралығында аудандық онлайн вебинар өтті.

Вебинардың негізгі мақсаты: «9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастырудың жүйелі тәсілдерін пайдалана отырып,  білім алушылардың білім сапасын арттыруға сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету».

Вебинар қазіргі кездегі заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып өткізілді. Вебинар тақырыптары 9, 11-сынып оқушыларының талап тілектерінен туындады. Атап айтқанда,  Саламат Жұлдыз Күнболатқызы информатика пәнінен “Жаңартылған білім беру мазмұнында ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың әдістері” шеберлік сабақ, Жапарова Салтанат Бақытқызы физика пәнінен 11-сынып оқушыларына "Уақытты тиімді пайдалана отырып ҰБТ есептерін шығару", Өміртаева Сауле Бауыржанқызы алгебра пәнінен 9-сынып оқушыларына «9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға тиімді тәсілдерді дайындау жолдары», Кудайбергенова Тлектес Рамазановна география пәнінен 11-сынып оқушыларына «Атмосфера» тарауы бойынша 11-сыныптарды қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау» және Кемелова Айнұр Бауыржановна бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыс жинағы» тақырыбында шебер сыныбын өткізді. Вебинар қатысушылардың пікірі бойынша мақсатына жетіп, өз дәрежесінде ұйымдастырылып өтті.

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст