CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2024-2025 оқу жылына арналған тарих пәні бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 7 ақпан күні Ақжар ауылының ЖОББМ-де Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған аудандық семинар өте жақсы деңгейде өтті. Семинарға Целиноград аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мусина Айнұр Далабаевна мен әдіскер Серік Қайырұлы қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар,, сыныптан тыс іс шара және "Қызық екен" тақырыбымен семинарға қатысушылар арасында сайыс өткізілді. Мектеп ұжымы және мектеп оқушылары өздерінің білім саласында ғана емес шығармашылық шеберліе қырларынан да таныта білді. Мектеп оқушылары Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханмен жүздесуі, өткір ойы, Ел қамына қынжылған сәттерін сомдап сахналық қойылым көрсетті. Жалпы семинар ұйымдастырудағы көзделген мақсатқа жұмыла жұмыс жасап қол жеткізілді. Жетекшілік қызметті бірлестік жетекшісі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы жасады.
Ақжар ауылында жас өспірімдерді қосымша біліммен қамтамасыз етуші " Перизат" орталығының "Домбырашылар" тобы әуенді күйін сахна төрінде тамаша орындады. Бүлдіршіндерден құрылған "Аққу" би тобы көркем би орындады.
Биылғы оқу жылында педагог-сарапшы санатына үміткер бірқатар әріптестер Қараөткел ЖОББМ - мұғалімі Сейілханова Айнур, Қоянды #1 ЖОББМ - Қарымсақова Сымбат, Қоянды #2 ЖОББМ -Шаги Анар күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес ашық сабақтар берді.
Семинардың бір ізділікпен, жүйелі атқарылуын Ақжар ауылының мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байте Әлібек қамтамасыз етті.
Әріптестерге шығармашылық табыстар мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз