"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сабақтан функционалды сауаттылық қалыптастыру және дамыту, білім сапасының ең маңызды шарты» тақырыбы бойынша аймақтық семинар

05.02.2025

2025 жылдың 04 ақпанында Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектепте «Сабақтан функционалды сауаттылық қалыптастыру және дамыту, білім сапасының ең маңызды шарты» тақырыбы бойынша аймақтық семинар өтті. Қатысушылар арасында Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектеп, Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы, Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Қараөткел IT мектеп- лицейі, Жанажол ауылының негізгі орта мектебі, Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Ақмол ауылының мектеп -гимназиясы. Семинар бастауыш мұғалімдерінің шығармашылық көрмесімен және концерттік бағдарламаларымен ашылып, әріптестер арасында ынтымақтастықпен құрмет атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар ашық сабақтарды тамашалап, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту үшін ең тиімді және заманауи әдістерді көруге мүмкіндік алды. Сабақтар шығармашылық тәсілдермен толығып, мұғалімдерге оқу процессіне жаңа тәсілдер енгізу үшін керемет үлгілер көрсетілді. Одан әрі оқыту семинары өтіп, мұғалімдер өз жұмыстарына жаңа білім мен идеялар алып шықты. Бұл семинар мұғалімдер үшін тек қана білім алудың мүмкіндігі емес, сонымен қатар кәсіби байланыстарды нығайту, идеялармен бөлісу және білім саласында жаңа жетістіктерге жету үшін мотивация беретін маңызды іс-шара болды!

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст