CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Қараөткел ауылы ІТ мектеп-лицейінде «Бастауыш білім беруде цифрлық әдістерді қолданудың ерекшеліктері » бастауыш сынып қауымдастығының отырысы өтті. Мақсаты: білім алушылар мен педагогтардың цифрлық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, олардың ақпараттық-коммуникациялық құралдарды меңгеруін және қолдануын арттыру арқылы білім беру сапасын жақсарту. Аудандық білім бөлімінің әдіскері К.Сәжидсилям және аудан бойынша 49 жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында 10 мұғалім ашық сабақ өткізіп, 2 мұғалім мастер-класс көрсетті.