CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2025 жыл 16 қаңтар Целиноград ауданы Талапкер мектеп-гимназиясының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі 5 номинация бойынша өтті.
«Білгірлер» номинациясы бойынша 17 қатысушы, I орын-Тасты ауылының ЖОББМ 8 сынып оқушысы Қызыр Еңлік;
«Сөз шебері» номинациясы бойынша 23 қатысушы, I орын-Софиевка ауылының ЖОББМ 10 сынып оқушысы Лаукелқызы Нұрайым;
«Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша 27 қатысушы, I орын Қоянды ауылының -№1ЖОББМ 11 сынып оқушысы Хабай Жаннұр;
«Бейнелеушілер» номинациясы бойынша 28 қатысушы, I орын-Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жанекенова Аяна;
«Жас қаламгер» номинациясы бойынша 30 қатысушы, I орын-Қоянды ауылының №2ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бөрібек Іңкәр.
Аудандық кезеңінің I орын иегерлері облысқа жолдама алды. Құттықтаймыз!
Әдістемелік кабинет