CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«МУЗЫКА МЕН КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНДЕРІН ОҚЫТУҒА
ЖАҢАША КӨЗҚАРАС: ТӘЖІРИБЕ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР»
Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінде«Музыка мен көркем еңбек пәндерін оқытуға жаңаша көзқарас: тәжірибе, әдіс-тәсілдер» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы аудандық вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты: музыка, көркем еңбек мұғалімдері арасында іс-тәжірибе алмасу, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімділігіне қол жеткізу. Үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинарға ауданымыздың музыка мен көркем еңбек пәндері мұғалімдері қатысты. Вебинар барысындабаяндамшылар қашықтықтан оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдер, бағалау түрлері, тақырыпқа сай материалдар дайындау жолдары туралы құнды ақпараттармен бөлісті.Аталған іс-шараға Целиноград ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Қорғанбеков Еркебұлан Сәрсенғалиұлы, Мукашева Гүлнар Советовна және Целиноградауданы бойынша «Музыка, көркем еңбек пәні әдістемелік бірлестік» жетекшісі Рахимжанова Айнұр Нұртаевна қатысты.
Аудандық деңгейде ұйымдастырылған вебинарда Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Сәрсенғалиұлы «Музыка мен көркем еңбек пәндері» бірлестігінің жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Вебинар соңында Еркебұлан Сәрсенғалиұлы ауқымды шараны ұйымдастырған Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебі ұжымына алғысын білдірді.