CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
1 наурызда Целиноград ауданының тарих пәні мұғалімдері арасында «Тарихты оқытудағы заманауи технологиялар» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинардың бірінші бөлімінде «Қызылсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ оқытушысы Кыдыралина Нұргүл Нұрғалиқызы цифрлық білім берудің қазіргі әлемдегі өзектілігін атап өтіп, «Тарих сабағында Kahoot платформасы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл бағдарламаның мұғалім тарапынан да, оқушылар тарапынан да тиімділігі мен жаңашылдығын атап өтті. «Балалар осы бағдарламамен жұмыс істеуге құштар, олар заманауи технологияларды қолдана отырып тарихты зерттеуге қызығушылық танытады», - деді мұғалім өз сөзінде.
Вебинардың екінші бөлімі «Тарих сабағында белсенді және интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында «Мәншүк ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ оқытушысы Кабдрахманова Гульзада Манаповна өткізді. Мұғалім аудиториямен жұмыс жасай отырып, рефлексия әдісін бірден қолданды. Ол белсенді және интерактивті әдістердің жіктелуін, олардың сыни ойлауды белсендіруін көрсетті. Вебинарға қатысушылар «Word Bank», «Өз ойын», «Тыңдау тесті» сияқты интерактивті әдістерге белсенді қатысты.
Вебинарға 20-дан астам аудан мұғалімдері қатысты, модератор және ұйымдастырушы Нұрахмет Айнагүл Қадірханқызы қатысушыларға алғысын білдіре отырып, тарих пәні мұғалімдерінің қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті азамат пен елдің патриотын тәрбиелеудегі рөлін тағы бір атап өтті.